04.11.2021, 14:20

«Ревакцинацияға кірісу керек» - Тоқаев

Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін, күн сайын 30-ға жуық өлім-жітім тіркелетінін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ревакцинация науқанын бастау қажет екені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін, күн сайын 30-ға жуық өлім-жітім тіркелетінін айтты.

"Мұның бәрі екпе салу қарқынының төмендеуінен болып отыр. 9 айда халықты қамту шамамен 40 пайызға жетті. Әлем елдері халықты қайта вакцинациялауға кірісті. Біз белсенді науқанды наурыз айында бастағанымызды, ревакцинация мерзімі жақындағанын ескеріп, үкімет пен әкімдер халықты ревакцинациялау науқанына кірісуі керек", - деді Президент моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте.