04.11.2021, 15:00

«Бюджет қаражаты желге ұшты» - Тоқаев ауыл шаруашылығына бөлінген субсидия туралы

Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысы айтарлықтай экономикалық нәтиже жоқ екенін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияларды тиімсіз пайдалану туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Кейінгі 5 жылда бұл мақсатқа 2 триллион теңгеден аса қаржы бөлінді. Нәтижесінде не болды? Бюджет қаражаты желге ұшты, қаржының қайда жұмсалғанын тексеретін бірыңғай бақылау жоқ. Айтарлықтай экономикалық нәтиже жоқ", - деді Тоқаев.

Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға прокуратурамен және басқа да органдармен бірге осы салаға кешенді талдау жүргізуді, халық пен шаруалардың өздерін де бұл іске тартуды тапсырғанын еске салды.