$ 444.32  473.33  4.76

«Қайта-қайта су береді, «өзімнің суым бар» деп ішпей қойдым»: белгілі журналист коуч-тренерлерден сақ болуға шақырды

Айналдырған он күнде курсқа барғандар шынымен адам танымастай өзгеріп шыға келеді. Құдды бір басқа программа орнатылған өзге адам секілді болып кетеді.

Психологиялық тренингтерге аса сақтықпен қарау керек. Бәлкім шетелден келіп біздегілерге тәлім беретіндерді бір жақсылап тексеріп отырған дұрыс шығар. Себебі осындай психологиялық тренинг пен бизнес курстардың біріне барған жақсы таныстарым қатты өзгеріп кетті. Баяғыдан істеп жүрген жұмыстарын тастап басқа салаға ауысқан. 

Тіпті отбасылық өмірлерін де түбегейлі өзгерткендері де бар. Жақсы жағына болса бір жөн ғой. Баласын тастап кететіндерге жүрегім ауырады. Бұндай курстарда адамның санасына "шешім қабылдай біл", "өміріңді түбегейлі өзгерт", "өзің үшін өмір сүр" деген секілді ұстанымдар сіңіріледі. 

Айналдырған он күнде курсқа барғандар шынымен адам танымастай өзгеріп шыға келеді. Құдды бір басқа программа орнатылған өзге адам секілді болып кетеді. Бұл он күндік курс екі айдан кейін тағы қайталанады. Осылай үш-төрт рет барады екенсің. 

Таныстарымның бірі қоймаған соң мен де бардым. Кеңсеге кіргеннен қайта-қайта су береді. Өзімнің суым бар деп ішпей қойдым. Курстан өтпес бұрын алдымен психолог сізбен сұхбаттасады. «Жұмысыңыз ұнай ма, бала-шағаңызға көңіліңіз тола ма, арманыңыз қандай?» деген сияқты түрлі сұрақтар қояды. Мен бәріне бүкпесіз жауап бердім. Өзімнің бақытты екенімді айтып едім, әлгі маман керісінше "сіздің ішіңізде өзіңізге ұнамайтын нәрсе бар" деп шыға қоймады. «Мен барлық адамда өзіне жақпайтын проблема бар емес пе?» десем, енді «соны шешейік!» деп кенедей жабысты. 

Түсінгенім, негізгі мақсат менің ішімнен әйтеуір бір кілтипан тауып алып соны емдеген болып ақша сору. Ананы айтты, мынаны айтты ақыры таппады. Содан мен оның өзіне "қанша адамды байыттыңыздар, танымалдардан кімдер бар, мықты болсаңдар мынадай тозығы жеткен кеңседе не істеп отырсыңдар?" деп әбден сұрақтың астына алдым. Сауалдарыма жауап бере алған жоқ. Ақыры бізге берілген отыз минут ішінде жан дәрігерінің ығыры шықты. Менен құтылуға асықты. Менің де кеткім келді. Содан қайтып мұндай курстарға жолағам жоқ.

Бірақ барып жүргендер әлі көп.

Журналист Ерқанат Көпжасарұлының facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары