$ 449.58  486.94  4.86

Орал қаласында үйдің ауласынан мина табылды

Мамандардың пайымдауынша, бас жарылғышы жоқ, танкіге қарсы қолданылатын мина азамат соғысы кезінен қалған.

Оралда ер адам үйінің ауласынан мина тауып алдым, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 3 қараша күні сағат 16.30-да Сарайшық көшесіндегі болған.

Сонда тұратын 35 жастағы ер адам жер қазу жұмыстары кезінде минаға ұқсас зат тапқан.

Мамандардың пайымдауынша, бас жарылғышы жоқ, танкіге қарсы қолданылатын мина азамат соғысы кезінен қалған.

БҚО полиция департаментінің саперлары минаны қауіпсіз жерге, полигонға шығарып, сағат 18.12-де жойды. Зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мина #Орал