06.11.2021, 14:34

Шавкат Мирзиёев Өзбекстан Президенті лауазымына кірісті

Фото: ҚазАқпарат
Өзбекстанда президенттің сайлау 24 қазанда өтті.

Бүгін Олий Мажлис Сенатында қайта сайланған Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Олий Мажлис палаталарының Өзбекстан Республикасы Президентінің инаугурациясына арналған салтанатты бірлескен отырысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низомходжаев мінберге Шавкат Мирзиёевті шақырды. 

«Өзбекстан халқына адал қызмет етуге, республика Конституциясы мен заңдарын орындауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Өзбекстан Республикасы Президентіне жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін!», - деді Шавкат Мирзиёев.

Ант берiлгеннен кейiн Өзбекстанның Мемлекеттiк гимнi орындалды. 

ОСК төрағасы Зайниддин Низамходжаев Шавкат Мирзиёевке президенттің кәулігін табыс етті. 

Кейін Өзбекстан Республикасының Президенті мінберде баяндама жасады. Еске салайық, Өзбекстанда президенттің сайлау 24 қазанда өтті. Жеңіске 80,12% дауыспен іс басындағы мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев жетті.