$ 494.87  520.65  4.91

Алматы студенттерге ыңғайлы әлемнің үздік 100 қаласының қатарына енді

Өмір сүру, тұрғын үйді жалға алу құны, интернет жылдамдығы, халықаралық рейтингке енетін жоғары оқу орындар саны сынды критерийлер бойынша Алматы 76-шы орында

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында жариялады. Өз басбасында ағынтаев британдық консалтингтік компания жүргізген рейтинг нәтижелері туралы сөз қозғаған.

«Studee британдық консалтинг компаниясының дерегінше, Алматы студенттерге арналған әлемдегі ең үздік 100 қаланың бірі. Өмір сүру, тұрғын үйді жалға алу құны, интернет жылдамдығы, халықаралық рейтингке енетін жоғары оқу орындар саны сынды критерийлер бойынша Алматы 76-шы орында», - деп жазды Б. Сағынтаев.

Деректерді талдау барысында Studee компаниясының зерттеушілері қалада тұратын 15 пен 24 жасқа дейінгі жастардың жалпы санын, тамақ өнімдерінің сапасын, сондай-ақ қауіпсіздік пен сөз бостандығы деңгейін ескерді.

Токио, Мельбурн, Сеул, Квебек және Аделаида сияқты әлемдік қалалар халықаралық рейтингтің көшбасшысы болды. Бұл ретте, Алматы Варшаваны басып озып, бірден Нью-Йорктен кейін орналасты.

Айта кетерлігі, Мәскеу бұл рейтингте 84-ші орында, ал Петербург 98-ші орында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы