$ 494.87  520.65  4.91

Қазбек Майгельдинов: Ертеңгі ҰҚСК отырысында әлеуметтік мәселелер қарастырылуы тиіс

Отырыс Кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтеді. Жиын барысында Президенттің Ұлттық кеңес аясында бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ҰҚСК мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарлануда. Отырыс Кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді. 

Ертеңгі отырыс жайлы саясаттанушы Қазбек Майгельдинов пікір білдірді: 

-  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің ұсыныстары Президент тарапынан қолдау тауып, жүзеге асырылып жатыр. ҰҚСК-ның бұған дейін бес отырысы өтті. Осы отырыстарда  ҰҚСК мүшелерінің ұсынысы бойынша 13 заң қабылданды. Оның ішінде саяси партиялар, митинг, зорлық-зомбылық, экологиялық мәселелерге қатысты заң жобаларына, ұстаздар туралы заңға өзгерістер енгізілді. Алдағы уақытта  9 заң жобасына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бесінші отырыста тұрғын үй мәселесі, медицина және педагогига оқу орындары студенттерінің шәкіртақысын көтеру, онлайн петицияны заңдастыру, ауыл әкімдерін сайлау, БАҚ туралы жаңа заң жобасы мәселелері қарастырылған болатын.  Шәкіртақы көтерілді. Зейнетақы қорындағы ақшаны тұрғын үй алу мақсатында пайдалануға мүмкіндік берілді. Ауыл әкімдерінің сайлауы басталып кетті. БАҚ туралы жаңа заң жобасы талқыланып жатыр. Ал ертеңгі отырыста  әлеуметтік мәселелер, әсіресе несие беру мәселесінебаса  көңіл аударылуы мүмкін. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары