Саясат 17.11.2021 сағат 12:20

«Жоқ малға субсидия бөлінген» - Антикор

Батыс Қазақстан облысында шенеуніктер алдау жолымен бірнеше фермердің атынан жалған құжат әзірлеп, істен шыққан құрылға орнатса, кей аймақта жоқ малға субсидия бөлінген.
«Жоқ малға субсидия бөлінген» - Антикор
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ауыл шаруашылық саласындағы жемқорлықты тергеу ісі әлі де жалғасады. Қыруар қаржы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетуде. Ашуға мінген антикор басшысы Марат Ахметжанов қазір аталған салада 65 қылмыстық іс қозғалғанын айтты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Қыруар қаржы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатқанына налыған ол, бұл бағытта түбегейлі өзгеріс қажет екенін айтты.

"Ережені, тұжырымдаманы ауылшаруашылық министрлігі бекітеді. Ақша бөлумен жергілікті атқарушы органдар айналысады. Ал аймақтық жергілікті  әкімдік бақылауға міндетті. Осындай бұлыңғыр жауапкершілік бейбереттікке алып келген. Кешенді талдау барысында 65 қылмыстық іс қозғалып, 14 адам қамауға алынды. Қазір тергеу әрі қарай жалғасып жатыр. Біз ешқандай тиімділік жоғын көрсеттік. Ақшаның бәрі желге ұшып жатыр", – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов.

Ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны май-шелпекке айналдырғандардың соңына шам алып түскен антикор қызметкерлері соңғы бес жылда 960 қылмыстық іс қозғалып, 450 тұлға жауапқа тартылғанын айтты.

Алайда адал шаруаларды тиесілі қаржыдан қаққандар әлі күнге дейін еш сабақ алмаған.

Сараптама көрсеткендей, жыл сайын белгілі схема бойынша субсидияны жымқыру жалғасқанымен, оның себебі анықталмапты. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында шенеуніктер алдау жолымен бірнеше фермердің атынан жалған құжат әзірлеп, істен шыққан құрылға орнатса, кей аймақта жоқ малға субсидия бөлінген.

Жақында агросалада субсидия жымқыруға қатысты ірі опреация басталған болатын. Алдағы уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік жемқорлықпен күресті күшейтіп, түрлі зерттеу жүргізу бағытында БАҚ өкілдерімен бірлесіп жұмыс істемекші. Сол себепті антикор басшылығы журналистердің құқығын қорғаудың заңнамалық шектері мен кепілдіктерін белгілеуді ұсынады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар