$ 494.87  520.65  4.91

«Мамайдан мықты саясаткер шықпайды» - журналист

Мұндай типтегі адам ешқашан ел бастайтын лидер болмайды, жұртты алдарқатып қоятын саяси жобаға ғана жарайды.

Ертеректе Жанболат Мамайдан көп үміт күтуші едім. Бекер екен... 

Одан күдіктеніп қалғаныма үш-төрт жылдың жүзі болды. Футболды туалай тастардың алдында Жанболатпен бірге бір-екі мәрте доп қудық. Кейде бір командада, кейде қарсылас болдық. Байқағаным, Жанболат жақсы қорғаушы екен, бірақ шабуылға ешқашан ұмтылмайды, қақпаны маңайлап жүріп алады. Шабуыл ұйымдастыруға да талпынбайды.

Ермек Тұрсынов, Берік Уәлимен де бірнеше мәрте футбол ойнадым. Нағыз шабуылшы солар. Олар өмірде де солай әрекет етеді. Болат Әбілевтің, Алтынбек Сәрсенбаевтың футбол ойнағанын көрдім. Олар да қатты шабуылдайтын. Жай шабуылдамайды, тактикалық жүрісін стратегияға бағындырып алып шабуылдайды. 

Осы жағдайды еске ала отырып, Мамайдың саясаттағы митың тірлігінен түңіле бастадым... Ол күрескерлікті ақталу, өзін басқалардан әдемі етіп көрсету, ақылсынып кеңес айтумен шектелу деп есептейтін сияқты.

Мамай қатты қорқасоқтайды, "екі шоқып, жан-жағына бір қарайды". "Шешінген судан тайынбас" дегендей батылдық атымен жоқ оның бойында, ешқашан тәуекелге бармайды. Мұндай типтегі адам ешқашан ел бастайтын лидер болмайды, жұртты алдарқатып қоятын саяси жобаға ғана жарайды.

Журналист Ораз Әлімбековтің facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары