$ 498.34  519.72  4.85

«Біз еліміздің шекарасына нұқсан келтіретін бірде-бір келісімге жол бермеуіміз керек» - Президент

Қазақстанның мүдделерін табандылықпен қорғауымыз қажет.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп жазады baq.kz.

"Біз тәуелсіздік пен еркіндікке, еліміздің шекарасы мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін бірде-бір келісімге жол бермеуіміз керек. Себебі осы қасиетті құндылықтар біз үшін бәрінен қымбат. Біз ең алдымен Қазақстанның мүдделерін табандылықпен қорғауымыз қажет", - деді Тоқаев.

Презиент атағандай, бесінші мәселеге ретінде Қазақстан дипломатиясының жаңа келбетін қалыптастыруды жатқызды.
"Біздің дипломатиялық қызметке тың серпіліс қажет. Білікті мамандардың Сыртқы істер министрлігінен кетуі оның кадрлық әлеуетін әлсіретуде. Бұл – шын мәнінде, өзекті мәселе. Мен осы министрлік ең консервативті құрылымның бірі екенін білемін. Мұның жақсы жағы да бар. Дәстүр сақталады, кәсіби дипломаттар шоғыры қалыптасады. Дегенмен жағымсыз жағы да жоқ емес", - деді Мемлекет басшысы.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары