$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстанда «Араб көктемі» сценариі қайталануы мүмкін» - Досым Сәтпаев

Әлеуметтік әділетсіздік халық арасында біртіндеп таралып келе жатқанын ескерсек, Қазақстанда мұндай сценарий әбден қайталануы мүмкін.

Бұл туралы белгілі саясаттанушы Досым Сатпаев өзінің Facebook желісінде жазды. Ол Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі қамқоршылық кеңесінің басшысы Ирина Медниковамен сұхбат алған болатын. Саясаттанушының жазбасын назарларыңызға ұсынамыз.

1986 жылғы оқиғалар қазақ жастарының тарихи рөл атқара алатындығын көрсетті.

Тарихқа көз жүгіртсек, 1916 жылғы көтеріліс, Алаш Орданың пайда болуы немесе 60-шы жылдары Мәскеуде «Жас тұлпар» студенттік жастар ұйымының құрылуы, осының барлығы жастардың саяси процестерге қатысуының маңыздылығын көрсетті.
Ал КСРО ыдырағаннан кейін Қазақ жастарының белсенділігі арта түсті.

Бірінші толқын, азаматтық қоғам қалыптасқан 90-шы жылдар. Екінші толқын, 2000 жылдары элитаның іштей бөлініп, саяси сахнада жаңа оппозициялық саяси ұйымдардың пайда болған кезеңі. Үшінші толқын, 2011 жылы Жаңаөзендегі оқиғалар кезінде басталды. Төртінші толқын 2016 жылғы жер митингілері кезінде жалғасты.

Біз 2019 жылы президенттік сайлау кезінде (соның ішінде тәуелсіз бақылаушылар арасында) және сайлаудан кейін бесінші толқуды байқадық.

«Араб көктемі» көрсеткендей, «жаңа ұрпақ» қалыптасқан саяси жүйелердің жойылуының қозғаушы күші бола алады.

Әлеуметтік әділетсіздік халық арасында біртіндеп таралып келе жатқанын ескерсек, Қазақстанда мұндай сценарий әбден қайталануы мүмкін.

Сонымен бірге, жастар арасындағы суицидтің өсуі, білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздыққа немесе нашақорлыққа қарсы тиімсіз күрес, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатындағы көптеген сәтсіздіктер ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге тікелей байланысты.

Өйткені бұл тек қазіргі проблемалар туралы ғана емес, болашақта жарылуы мүмкін «уақыт миналары» жайында болса керек. 

kznews.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары