$ 494.87  520.65  4.91

Саакашвили 50 күнге созылған аштықты тоқтатты

Саакашвили Грузияда 1 қазанда ұсталған болатын.

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили 50 күнге созылған аштықты доғарып, жоспар бойынша тамақтана бастады, деп жазады Орда.кз.

РИА Новости ақпараты бойынша, дәрігерлер консилиумының мүшесі Нино Шарашенидзе Саакашвили тамақ ішетінін және оның денсаулығы тұрақты екенін айтты.

– Науқас барлық тиісті терапиядан өтуде. Біз тиісті емдеу әдісін әзірледік. Бұл шараға тек консилиум мүшелері ғана емес, сонымен қатар республикалық аурухананың дәрігерлері мен гастроэнтеролог қатысты. Науқас жоспарға сәйкес тамақтанады. Денсаулығының жағдайы тұрақты, – деді дәрігер журналистерге.

Дәрігердің айтуынша, Саакашвили бас ауруына шағымданады. Дәрігерлер оны мұқият қадағалайды.

Бұған дейін саясаткердің қан құсып, әлсізденуіне байланысты түрмедегі төсектен тұра алмағаны туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, бір айдан астам уақыт тамақ ішпеген бұрынғы президент түрмеде есінен айрылды деген ақпарат пайда болды.

Естеріңізге сала кетейік, Саакашвили Грузияда 1 қазанда ұсталған болатын. Бұған дейін елде ол банкир Сандро Гиргвлианиді өлтіріп, депутат Валерий Гелашвилиді ұру туралы істер бойынша сырттай сотталды. Бірінші жағдайда Саакашвили үш жылға, екінші жағдайда алты жылға бас бостандығынан айрылды.

Сонымен қатар, ол 7 жылғы 2007 қарашадағы оппозициялық митингті қудалау, «Имеди» телекомпаниясына шабуыл және мемлекеттік бюджет қаражатын жымқыру туралы істері бойынша күдікті болып саналады.

Қамауға алынғаннан кейін саясаткер аштық жариялады. Алайда Грузия билігі оны босатудан бас тартты. Премьер-министр Ираклий Гарибашвили Саакашвили ұзақ уақыт түрмеде отыратынын және барлық мерзімін өтейтінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары