ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Бұл – Қазақстанның экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар сала. Ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізіп, сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – мемлекеттің басты міндеті», деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, қарашаның үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтеді.