Сейсенбі күні, 23 қарашада, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде: Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай; Жергілікті қамтуды дамыту мәселелері; Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау 22 қараша күнгі сағат 16:00-ге дейін жалғасады. Хатқа жеке куәлік, вакциналау паспортын немесе ПТР-тестілеудің 72 сағаттан аспаған теріс нәтижесін тіркеу қажет.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.