$ 443.85  474.3  4.8

Тоқаев Бельгияға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен кездеседі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барды. 

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлауынша, Мемлекет басшысы екі күндік сапары аясында Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен кездесулер өткізеді.

"Бүгін Қазақстан Президенті Бельгия Королі Филиппен жүздесіп, Премьер-министр Александр Де Кроомен және Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен кездеседі, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары