26.11.2021, 02:34

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филиппен кездесті

Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі Еуропаға алғашқы сапарына ерекше мән беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапары аясында Бельгия королі Филиппен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгияға ресми сапары осы елдің королі Филиппен кездесуден басталды.

Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі Еуропаға алғашқы сапарына ерекше мән беретінін атап өтті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті проблемалар жөнінде пікір алмасты.

Тегтер: сапар Тоқаев