Ресейдің халық әртісі, әнші әрі композитор Александр Градский қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы zakon.kz- ке сілтеме жасап.
Бұл туралы «112» Telegram-арнасы жазды.
Ол 72 жаста еді.
Ол ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.
Бұған дейін Градский инсульт алып Мәскеу ауруханаларының біріне жатқызылған болатын. Ол үйінде өзін нашар сезінген.
Александр Градский - кеңестік және ресейлік әнші, мульти-аспапшы, ән жазушы, ақын және композитор. Ол «Дауыс» музыкалық шоуына тәлімгер ретінде қатысты. Градский орыс рок негізін қалаушылардың бірі. Әнші «Градский Холл» театрын басқарды.