$ 494.87  520.65  4.91

«Черная пятница» деген қасиетті жұмаға қарата айтылған сөз емес» - журналист

Жұманы қалай атасаң да, олар өз дегенімен жүре береді.

"Черная пятница" деген қасиетті жұмаға қарата айтылған сөз емес негізі. 1869 жылы, Америкада алтынның бағасы бірден түсіп кетіп, ол сосын нарыққа әсер етеді. Американың экономикасы сол құлдырағаннан біраз жыл бойы қайтып оңала алмайды. Кейін қара жұманың әуелгі мағынасы ұмытылып, ол басқаша айтыла бастайды.

Алғыс айту күні өте салысымен, Америкада елдің бәрі одан кейінгі жұмада жыл сайын дүкенге шырша алуға асығатын. Сол кезде көшелері көлікке аузы-мұрнынан нығалып қалады екен. Авария да көп болады. Содан полицейлері мерекеден кейін келетін осы күнді "қара жұма" деп атап кетеді. 

Қазір америкалықтар үй-ішімен дүкенге барып сауда жасап қайту үшін жұма күні арнайы демалыс алатын болды. Бұл күні көп жерде клиенттерге жеңілдік жасалады. Сөйтіп, саудагерлер черная пятницаны трендке, айласын асырып ақша табатын өздеріне ең қолайлы күнге айналдырып жібереді. 

Қазақстанда қазір екі әлем қатар өмір сүріп жатыр: қазақ әлемі мен орыс әлемі. Бұл - орыс әлеміне, капитализм қатты дамыған батыс елдерінің менталитетіне тән нәрсе ғой. Жұманы қалай атасаң да, олар өз дегенімен жүре береді. Қасиетті жұманың қаралы күн емес екенін мешітке келетіндер, Жұма намазынан қалмайтындардың бәрі біледі. Ал, мешітке маңайламайтындарға, мұсылман еместерге екі сомың бір тиын.. Соған қарағанда, біздің Діни басқармамыз жұма күніне басқаша ат бермекші болып, текке әуре болып жатқан сияқты...

Журналист Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жұма