28.11.2021, 23:28

Тоқаев ресми сапармен Швейцария конфедерациясына барды

Сапар бағдарламасы бойынша Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді.

Қазақстан Президенті ресми сапармен Швейцария конфедерациясына келді.  Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Женевада Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ. 

Сапар бағдарламасы бойынша Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөз жүргізеді, инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады және еуропалық бизнес капитандарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Тегтер: Тоқаев