$ 494.87  520.65  4.91

«Президенттің Швейцарияға сапары Қазақстанның әлемде өзіндік орны бар ел екенін көрсетеді» - Ерлан Сайыров

Қазақстанның әлемдегі рөлі белгілі дипломат, дүниежүзілік саясатта өзінің орны бар ҚР Президентінің күш-жігеріне, оның адамгершілік рухани қасиеттеріне де байланысты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының Швейцарияға сапары қоғамда қызу талқыланып, сарапшылар жоғары баға беріп жатыр. Женева қаласындағы Әулие Петрдің Кафедралды соборының алдында өткен ресми кездесуден кейін екі елдің басшылары келіссөз жүргізіп, арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы салаларындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың ахуалы жайлы сөз қозғады. 

Сонымен қатар, оның ішінде Ауғанстандағы жағдай мен осы елге гуманитарлық көмек көрсету мәселесін сөз етті. Сонымен қатар пандемияға және климаттың өзгеруіне қарсы күреске, Орталық Азиядағы су дипломатиясына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқаны белгілі. 

Айтпақшы, көптеген сарапшылар Мемлекет басшысы Тоқаевтың бұл сапары өте нәтижелі болғанын айтып жатыр. Әсіресе, әлемді "Омикрон" штамының әемге жаңа қауіп төндіріп отырғанын, әрі онымен күресте алғашқы медициналық көмек пен денсаулық сақтау саласындағы қызметтермен халықты жаппай қамту бағыттарын біріктіру туралы ұсынысы ресми Женева тарапынан қолдау тапты. Сонымен қатар президент Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ­– сенімді серіктес екенін әрі коронавирусқа қарсы вакцинасы бар ел ретінде пандемиямен бірлесіп күресуге даяр екенін атап өтті. Ал Швейцария тарапы қазақ ғалымдары шығарған Qazvac вакцинасын тіркеуден өткізіп, әрі қарай Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдеріне тасымалдауға даяр екендіктерін білдірді. 

Саясаттанушы әрі Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыровтың айтуынша, бұл өте үлкен жетістік.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Швейцарияға сапары өте нәтижелі болып жатыр. Ең бірінші кішкентай Швейцарияның дүниежүзілік саясаттағы рөлінің өте жоғары екенін айтып өту керек. Осы Швейцарияда дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік, саяси бағыт-бағдарын жасап отыратын халықаралық ұйымдардың орталықтары мен ірі бөлімшелері орналасқан. Осы дүниежүзілік ірі ұйымдардың басшыларымен кездесуді Қазақстан мен сол ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізгі принциптерін қалыптастыру үшін жасалып жатқан жол картасы деуге болады. Швейцария сапары дүниежүзінің әлеуметтік-экономикалық бетпердесін жасап отырған осы ұйымдармен өте тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді", - дейді Ерлан Сайыров. 

"Тоқаев мырза мұнда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысымен кездесті. Ол жерде Қазақстанның ұйымның коронавируспен күресу стратегиясымен келісетіні және Қазақстанның  осы вирусты азайту үшін істеп жатқан жұмыстарына назар аударылды. 

Швейцария мемлекетінде орналасқан ірі  инвестициялық компаниялармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған 200-ден астам ірі компаниялардың өкілдері қатысып, Қазақстан мен Швейцарияның ірі компанияларының арасындағы стратегиялық қарым-қатынасты дамыту жөніндегі құжаттарға қол қойылды. 

Сонымент бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімшесінің бас директорымен кездесу болды. Бұл кездесуде Қазақстан мен осы БҰҰ арасындағы қарым-қатынастың басты аспектілері қарастырылды. Бұл қызметті Қазақстан Республикасы Презитдентінің өзі де атқарған болатын. Сондықтан БҰҰ мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас өте тығыз жәнеи нәтижелі болатындығы анық. 

Халықаралық Қызыл Крест ұйымының президентімен де сүбелі кездесу өтті. Бұл кездесу де осы дүниежүзіндегі бүгінгі таңдағы гуманитарлық аспект, Халықаралық Қызыл Крест ұйымының Қазақстандағы жұмысын әрі қарай жандандыру мәселесі қарастырылды. 

Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен де кездесу болып, Қазақстан мен Дүниежүзілік сауда ұйымының арасындағы қарым-қатынас тың аспектілері, жаңа экономикалық жағдайдағы жаңа күнтәртібін жасау аспектілері қарастырылды. 

Швейцарияның президенті Ги Пармеленмен кездесу болып,Қазақстан Үкіметі мен Швейцария мемлекетінің арас ындағы әлеуметтік-экономикалық сауда қатынастары бойынша бірқатар келісімге қол жетті. 

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Швейцарияға сапары Қазақстанның дүниежүзінде өзінің орны бар екенін, пандемияға қарамастан Қазақстан әлі күнге дейін дүниежүзінің компанияларына, ірі фирмаларына, қоғамдық ұйымдарына өте қызықты екенін, Қазақстанның гуманитарлық-әлеуметтік саладағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді. Және осы рөлі белгілі дипломат, дүниежүзілік саясатта өзінің орны бар ҚР Президентінің күш-жігеріне, оның адамгершілік рухани қасиеттеріне де байланысты екенін көрсетіп отыр", - дейді Мәжіліс депутаты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары