Каспиге байланысты беш тиынымды қоса кетсем. Сенат 25-інші қарашада заң қабылдап президентке жіберіпті. Білуімше президент әлі қол қоймады. Қол қойса заң күшіне енеді. Бұдан былай мобильді аударымдар заңсыз бизнес ретінде қарастыралатын болады. Таксист, сатушы, басқа да адамдардың жеке счётіне аударылған ақшалар күдік тудырса салық органы тарапынан алғаш рет ескерту беріліп кейіннен жауапқа тартылатын болады.
Сіздің тұған күніңіз, балаңыз туылды деген сияқты жағдайларда туыстарыңыз ақша аударса оған жауап бермейсіз. Бірақ сіз жылда бір рет туыласыз. Қалған күнделікті аударымдар күдік тудыруы мүмкін. Президент қол қойса кәсіпкерлік саласындағы әрбір аударымдарға чек беру керек болады.
Мәселенің екінші жағы бар. Пандемия басталғалы адамдардың көбісі онлайнға өтіп алды. Бұрын сауда жасайтын дүкенде істедім. Пандемия басталғалы сауданың 80%-ына онсыз да чек ұрылатын болған. Адамдардың өздері қолма қол ақша тасып жүрмейді. Қалта ұрыларының несібелері азайған еді. Бірақ енді бәрі чек ұрып кетпейді. Қайтадан сол қағаз ақшаға өтеді көбісі. Ол кезде қайтадан ақша жоғалту, қалта ұрыларына жем болу басталады.
Кедейлерге негізі бәрібір. Мәселе біздің жемқор шенеуіктердің әлі тоймауында болып тұр. Әлі күнге дейін шекарадан тауарлар заңсыз өтеді. Алдымен соны туралау керек. Қытайдың берген деректері мен Қазақстанның берген деректерінде айырмашылық жер мен көктей. Соларды түзесе кәсіпкерлер өздері үшін бәріне чек ұрар еді. Біз бұрыннан жалпыхалықтық декларацияға өту керек болғанбыз.
Әкімшілікте істеп менен 2-3 есе аз айлық алып жағдайы мені 100 кейде 1000 орайтын адамдар әрбір тиынның қайдан келгеніне есеп беру керек. Таксисттің 300 теңгесін аңдығанша миллиардер жемқордың табысын аңдысын. Сол кезде бюджетті толтырамыз.
Қаржы сарапшысы Сәбит Рысбаевтың facebook парақшасынан