29.07.2014, 11:37

Елбасы Италия премьер-министрімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Сурет: strategy2050.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының премьер-министрі Маттео Ренцимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Италия тарапының бастамасымен болған телефон арқылы әңгімеде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың негізгі аспектілері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.