Бізде жемқорлық қолдан әдейі жасалады. Соңғы екі айда мен жақсы араласатын алты мектеп директорына СЭС штраф салды. Аз емес 680 мың теңге. Заң бойынша заңды тұлғаға салынған бұл штрафты басшы өз қаражатымен төлейді. 670 мың теңге мен танитын сол директорлардың 3 айлық еңбек ақысы. Бәрінің айлығы шамамен айына 180-200 мың теңге. (Жауапкершілік өте үлкен, бірақ айлығы сол.)
Салу себептері тым күлкілі көбінің... Мысалы: мектеп ғимаратына жарықшақ түскен; Мектеп төбесінен су аққан; Мектепте оқушы ара қашықтығы сақталмаған; СЭС талаптары орындалмаған... т.б.
Күлкілі, мектеп апаттық жағыдайда болса директор кінәлі ме? Мектеп үш аусымды, оқушы сыйлымдылығы мүлде артық, оған да директор кінәлі ме? 1200 балалық мектепте 3400 бала оқиды, СЭС талабын орындау мүмкін емес, оған да директор кінәлі ме? 680 мыңды қалтасыннан төлеп үш ай тегін жұмыс жасай ма директор?
Сонша үлкен жауапкершілікте жүрген адамға бұл соққы емес пе? 680 мыңды жаба алмаған директор не мұғалімдерінен ақша жинайды, не жемқорлыққа барады. Сонда біз қолдан жемқор жасаймыз немесе ұжым алдында директор беделін келтіреміз... Қызық жүйе, бұған тоқтау салуға бола ма?
Қоғам белсендісі Аятжан Ахметжанұлының facebook парақшасынан