$ 443.85  474.3  4.8

Бибігүл Жексенбай Сенат төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

Бибігүл Жексенбай Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бибігүл Жексенбай - Халықаралық Бизнес Академиясының бизнес басқару магистрі. /ХБА-МАБ/.

Кәсіби қызметтік жолын 1992 жылы  «Спорт» басылымында тілші болып бастады, кейінірек республикалық қоғамдық-саяси «Жас Алаш» және «Атамұра» басылымында қызмет етті. Редактор, продюсер қызметтерінде болды, кейіннен «Хабар» агенттігінің Астана қаласы бойынша орталық бюро директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Кейін, «Қазақстан» теле-радио корпорациясында, «Эра» телеарнасының бас директоры орынбасары-бас редакторы, «Жетінші арна» телеарнасының бас директоры болып жұмыс істеді. Соңғы уақытта «Жетінші арна» Директорлар кеңесінің төрайымы қызметін атқарды.

«Құрмет» ордені, БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының лауреаты, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10-жылдығы», «Астананың 10-жылдығы» мерекелік медалдарымен марапатталған және «Мәдениет қайраткері» атағының иегері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары