$ 498.34  519.72  4.85

Б.Сағынтаев ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің жұмысына қатысу үшін Бішкекке келді

Бішкекке келгеннен кейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бірден Қырғыз Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Сооронбай Жээнбековпен кездесті деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми сайты.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның әлеуеметтік-экономикалық даму келешегінің, соның ішінде экономикалық ықпалдастық, техникалық жәрдемдесу және тарифтік саясат саласындағы даму мәселелерін талқылады.

Еске сала кетейік, 3 қарашада, Бішкекте ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының кеңесі өтеді. Бүгінде Қазақстан ШЫҰ төрағасы болып табылады, ал 2017 жылдың 8-9 маусымында Астанада ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының Саммиті өтеді.

Қазақстан Республикасының төрағалық етуші мемлекет ретіндегі саяси күш салуы экономикалық және мәдени ынтымақтастық пен қауіпсіздік мәселелерінен тұратын, Ұйым аясындағы көпжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын теңдестірілген түрде дамытуға бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары