Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік сапармен Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласына келді. Мәртебелі мейманның құрметіне Н.Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда құрметті қарауыл сап түзеді.
Бұл Өзбекстан президентінің осы лауазымға қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы мемлекеттік сапары. Сапар аясындағы негізгі іс-шаралар дүйсенбі күні басталады, деп жазды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени-гуманитарлық алмасуларды кеңейту мәселелері талқыланады.
Сондай-ақ екі ел басшысы аймақтық және халықаралық саясат бойынша пікір алмасады.
Келіссөздер нәтижесінде 20-дан астам екіжақты құжатқа қол қою жоспарлануда.