Саясат 06.12.2021 сағат 04:07

6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет синоптиктері 6 желтоқсан күні солтүстік өңірлерде жаңбыр, қар жауып, бұрқасын жүретінін хабарлады. Кейбір облыстарда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік пен солтүстікте жел күшейеді.
6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түседі, күндіз және таңертең бұрқасын жүреді. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Алматы облысының Алакөл жағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын жүреді, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында - тұман, көктайғақ, солтүстік-шығысында - желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.  

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында бұрқасын болады, облыстың солтүстігі мен шығысында - тұман, көктайғақ.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, солтүстік-батысы, Атырау облысының солтүстігі, батысы мен орталығында, Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында және Қарағанды облысының солтүстігі, батысы мен оңтүстігінде тұман және көктайғақ болады.

Түркістан, Жамбыл облысының оңтүстігі, таулы аудандарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен орталығы, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман түседі. 

Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде - көктайғақ.

Ірі қалалардағы ауа райы

6 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қар жауады, желдің жылдамдығы секундына 3-5 метр болады. Ауа температурасы күндіз плюс 1, түнде 9 градус нөлден төмен.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашын жауады. Сынап бағанасы күндіз 6 градустан жоғары, түнде минус 1 көрсетеді.

Шымкентте де жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы плюс 10 градус, түнде плюс 2 градус болады. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар