$ 446.49  475.38  4.79

Өзбекстан президенті Қазақстанға ұшып келді

Бұл Өзбекстан президентінің осы лауазымға қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы мемлекеттік сапары.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік сапармен Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласына келді. Мәртебелі мейманның құрметіне Н.Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда құрметті қарауыл сап түзеді.

Бұл Өзбекстан президентінің осы лауазымға қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы мемлекеттік сапары. Сапар аясындағы негізгі іс-шаралар дүйсенбі күні басталады, деп жазды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени-гуманитарлық алмасуларды кеңейту мәселелері талқыланады.

Сондай-ақ екі ел басшысы аймақтық және халықаралық саясат бойынша пікір алмасады.

Келіссөздер нәтижесінде 20-дан астам екіжақты құжатқа қол қою жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары