08.12.2021, 18:20

Германияның жаңа канцлері сайланды

Фото: stan.kz
Бүгін кешке Ангела Меркельдің билігін табыстау салтанаты өтеді.

Социал-демократ Олаф Шольц Германияның жаңа канцлері болып тағайындалды. Тағайындау туралы ресми мадақтаманы оған ел президенті Франк-Фальтер Штайнмайер табыстады, деп хабарлайды Stan.kz. 

Жаңа канцлер Бундестагта ант қабылдауы тиіс. Салтанатты іс-шара президенттік Бельвю сарайында өтті, оны неміс телеарналарынан көрсетті. 

Енді Шольц ант қабылдау үшін қайта Бундестагқа қайтады. Бүгін кешке Ангела Меркельдің билігін табыстау салтанаты өтеді. 

Шольц 395 депутаттың дауысына ие болды, 303 депутат қарсы шықты. 

Бұған дейін ел үкіметін 16 жыл бойы Ангела Меркель басқарған еді.