09.12.2021, 21:25

Алматы облысында биыл жемқорлық бабымен 163 адам ұсталған

Олардың 20-сы жоғары лауазымды бірінші басшылар.

Алматы облысында биыл жемқорлықпен 163 адам ұсталған. Олардың 20-сы жоғары лауазымды бірінші басшылар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облыстық департаменті 11 айда анықталған қылмыстарды атады. Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың сөзінше, мемлекет қаржысын жымқырған 93 адам сотталған.

«Департамент 2021 жылдың 11 айында 93 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішінде 68,8%-дан астамы немесе 64 қылмыс сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 163 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 20 адам әртүрлі дәрежедегі бірінші басшылар. 93 адам сотталды, оның ішінде 81 адам 154,8 млн. астам сомаға айыппұлға сотталды. Бас бостандығынан 7 адам айырылды. Тағы 5 адамның мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - деді Жандос Жұмабаев.

Ағымдағы жылдың 11 айында Департамент Мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу барысында облыс бюджетін тиімсіз қолданбақ болған мекемелері анықтап, 8 млрд. 200 млн. теңгені үнемдеп қалған. Облысыста 522 мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс лауазымдары енгізілген. 

«Биыл департамент мамандары жемқорлық тәуекелдері бар мемлекеттік мекемелерге 8 ішкі талдау шарасын жүргізген. Нәтижесінде 143 дерек тіркелді. Соның ішінде, жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 140 ұсыным орындалды», - деді ол.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

 
Тегтер: жемқорлық