ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы (ЖЕЭК) өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бейнебайланыс форматында өтіп жатқан іс-шараға Кеңеске мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдер – Куба, Молдова, Өзбекстанның басшылары қатысуда.
Отырыс барысында Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, сондай-ақ алдағы уақытта Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара экономикалық іс-қимылдарды дамыту жоспарын талқылауда.
Айта кетерлігі, Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады және төрағалық Қырғыз Республикасына өтетін болады.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.