$ 494.87  520.65  4.91

«Елбасының Тоқаевқа партия төрағалығын тапсыруы - Керей мен Жәнібектің бір-біріне сенім артқаны сияқты көрініс берді» - Бағлан Әбдірайымов

Отызында орда бұзған еліміз 40 жылдықта қамал алатынына сендім, Құдайдан жәрдем сұрадым. Тәуелсіздіктің тұғыры мәңгі биік болсын деп тіледім.

Ассалаумағалейкум, достар! 
Жұма қабыл болсын!

Бүгінгі жұмада ерекше ойда отырдым. 30 жылдық мерекеміз әсер етті ме?
Әйтеуір саяси сахнаның төрінен оймен бір-ақ шықтым. Тәуелсіздік алған жылы бастауыш сыныпта оқып жүргем.))) Содан бері Елбасымыз НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫНЫҢ әрбір шешімін, жеткен жетістіктерін көріп келеміз. Кеше өнер-білім орталықта Тәуелсіздіктің 30 жылдығын оқушыларымызбен атап өттік. Елеулі оқиғаларды тақтаға тізіп едік, жеткен жетістіктеріміз мол екен. Шүкір дедік! 

Бүгінгі қасиетті жұмада ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ амандығын тілеп, ел президенті Қасым Жомарт Тоқаевқа сәттілік тіледім. Кешегі өткен саяси кеңестің отырысында ЕЛБАСЫ партия төрағалығын ПРЕЗИДЕНТКЕ тапсырды. ТАРИХИ СӘТ!

Елбасы кезекті шешімі арқылы өзінің көрегендігі мен алысты болжайтын дана тұлға екенін тағы бір дәлелдеп берді деуге болады. Осының бәрі өз заманында Керей мен Жәнібектің бір-біріне сенім артқаны сияқты көрініс берді. Іш жылып қалды.
30-нда да орда бұзған еліміз 40 жылдықта қамал алатынына сендім, Құдайдан жәрдем сұрадым. Тәуелсіздіктің тұғыры мәңгі биік болсын деп тіледім.

Презединттің сөзімен түйіндейін:
Шын мәнінде, егемендік – елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар. Ал, қазақтың пешенесіне өз мемлекетін құру бақыты жазылды. Бұл – ұлы бақыт, ұлттың бақыты! Бұдан асқан қуаныш, бұдан биік мәртебе бар ма?!

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары