$ 498.34  519.72  4.85

Қуандық Бишімбаев премьер-министрден ескерту алды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бүгінгі Үкімет отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа ескерту жасады деп жазады Primeminister.kz.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында Қ.Бишімбаев баяндама оқып, бәсекелестікті дамыту мақсатында салалық заңдарға «ревизия» жүргізуді ұсынған болатын.

«Жалпы министр өз баяндамасында жан-жақты қамтыды, бірақ маған оның «бәлкім, пісіп жетілген шығар» (қажеттілігі. - АА) деген сөзі ұнамады – пісіп жетілді ме, жоқ па, ойланбай, әрекет ету керек. Мемлекет басшысы Үкіметке еркін дұрыс бәсекелестікке жағдай жасауды және монополияға қарсы органның қызметтерін күшейтуді тапсырды, бұл орындалды, сіздерге барлық өкілеттік берілді, сіз бүгін ЭЫДҰ стандарттары бойынша жұмыс жасап жатқандарыңызды баяндадыңыз, ендеше әрекет етіңіздер. Анық нәрсені айтып тұрсыз, көмірге қатысты мәселе бар дейсіз, мұны бүгін ғана білдіңіз бе? Әлде электр энергиясы бойынша жағдай осындай екенін бүгін ғана білдіңіз бе? Бұл баршаға мәлім, шаралар қолдану қажет», - деді Б.Сағынтаев.

Премьер-министр Үкімет отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігін Қазақстанда бәсекелестікті дамыту бойынша қадамдарды белсенді қолдануға шақырды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары