$ 448.15  483.46  4.86

Дональд Трамп - АҚШ-тың 45-ші президенті

2017 жылдың қаңтарынан бастап АҚШ-ты елдің 45-ші преиденті - Дональд Трамп басқаратын болады. Бүгінгі өткен президенттік сайлауда ол қажетті 270 дауыстың 276-сын жинап, саяси қарсыласы демократ Хиллари Клинтоннан басым түсті.

Өзінің сайлауалды бағдарламасында Трамп америкалықтардың барлығы қалаған президент болуға күш салатынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, АҚШ халқы барлық жақсылықтарға лайықты.

Сондай-ақ, жаңа президент әріптестерімен қырғи-қабақ болмай, достық қарым-қатынас орнатуға да уәде берді. Ол әлемде болып жатқан соғыстарға қарсы екенін де бұған дейін мәлімдеген.

Айта кетейік, Республикалық партия атынан сайлауға түскен Дональд Трампқа 57,7 миллионнан астам адам дауыс берсе, Хиллари Клинтонға 57,1 миллион адам сенім білдірген. Әзірге дауыстардың 91 пайызы саналып бітті, дегенмен, сайлаудың қорытындысы белгілі.

Енді келер жылдың 6 қаңтарында Конгресс жаңа президенттің сайлауда жеңгенін бекітуі тиіс. 20 қаңтарда ұлықтау рәсімі өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары