$ 494.87  520.65  4.91

«Украинаны біздің елге қосу керек, ол біздің территория» - Қадыров

Бұл мәселені шешуді тапсырған болса, баяғыда шешіп тастаған болар едім.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украинаны Ресей немесе Шешенстанға "қосу" мәселесін шешуге даяр екенін мәлімдеді. Грозный қаласындағы баспасөз жиынында айтылған Солтүстік Кавказ республикасы басшысының мәлімдемесін "РИА Новости" агенттігі жариялады, деп жазады Азаттық радиосы.

"Украинаны біздің елге қосу керек, ол біздің территория" деді Қадыров. Ол бұл мәселені өзіне шешуді тапсырған болса, "баяғыда шешіп тастаған болар едім" деді. Шешенстан басшысының сөзіне қарағанда, мұны жүзеге асыруға "мемлекетаралық келісімдер" кедергі келтірген.

Ресей мен Украина шекарасындағы жағдай ушыққан шақта Қадыров мәлімдеме жасап отыр. Батыс елдері Мәскеу Украинаға басып кіруге дайныдалып жатыр деп ескерткен. Кремль мұны жоққа шығарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары