$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Ауғанстанға 155 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Бақыт Сұлтанов ауған әкімшілігі өкілдеріне Қазақстан БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысты еңсеру жөніндегі күш-жігеріне толық қолдау көрсетіп, белсенді қатысып отырғанын хабарлады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандық сауда-экономикалық миссияның Ауғанстанға жіберген делегациясын басқарды. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратпен бөлісті.

Сапар барысында Министр Б. Сұлтановтың Ауғанстанның қазіргі әкімшілігі өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Олардың қатарында Абдулла Салам Ханафимен, сыртқы істер министрі Амир Хан Муттаки мен Ауғанстанның сауда және өнеркәсіп министрі М.А. Нуриддин Азизи бар.

Бақыт Сұлтанов ауған әкімшілігі өкілдеріне Қазақстан БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысты еңсеру жөніндегі күш-жігеріне толық қолдау көрсетіп, белсенді қатысып отырғанын хабарлады. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы арқылы 20 мың тонна қазақстандық ұн сатып алынды.

– Көптеген халықаралық әріптестер сияқты, ауғанаралық қақтығыстың белсенді кезеңі аяқталды және елді жанжалдан кейінгі кезеңде қалпына келтіретін уақыт келді деп үміттенеміз, – деді Б.Сұлтанов.

Айта кетейік, Қазақстандық ұн экспортының жартысынан астамы және астық экспортының 10%- дан астамы тек Ауған нарығына бағытталған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары