29.12.2021, 12:50

Экс-депутат Бекболат Тілеухан журналиспен жанжалдасып қалды

Фото: ашық дереккөз
Кикілжіңге байланысты парламентке полиция шақырылды

Полиция қызметкерлері журналист Айнұр Коскинаның өтініші бойынша ҚР Парламенті Мәжілісіне келді, деп хабарлайды BaigeNews.kz. Ол бүгін отставкаға кеткен экс-депутат Бекболат Тілеуханмен жанжалдасып қалды.

Айнұр Коскинаның айтуынша, ол Мәжіліс ғимаратында экс-депутаттан сұхбат алмақ болғанда депутат оған күш қолданған. Журналист арыз жазуды көздеп отыр. Оның сөзінше, экс-депутаттың қолы бет жағына тиіп кеткен және моноподы екі бөлініп қалған.

Бекболат Тілеуханмен болған оқиғадан кейін Айнұр Коскина полицияға хабарлаған. Ал экс-депутат Парламент ғимаратынан шығып кеткен. Полиция қызметкерлері біраз уақыттан кейін келген.

Экс-депутаттың көмекшісі оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.