Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заңға қол қойды. Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Бұл институттың Қазақстандағы басты миссиясы – адам құқықтары саласындағы сындарлы диалогты ілгерілетуге, заңнаманы және адам құқықтарын қорғау практикасын жақсартуға жәрдемдесу болып саналады. Арнайы заңның қабылдануы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге құқық қорғау рәсімдеріне толық қатысуға мүмкіндік береді", - деді Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі.
Оның айтуынша, биыл уәкілге барлығы 1614 өтініш келіп түскен.
"Қазақстандықтарың шағымдары прокуратура мен полицияның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі бойынша 298 өтініш, сондай-ақ сот актілеріне шағымдану бойынша 215 өтініш түсті", - деді Эльвира Әзімова
Айта кетейік, Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты 2002 құрылған. Институт БҰҰ-ға мүше 145 елде жұмыс істейді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.