$ 448.15  483.46  4.86

Франция Еуропалық одақ төрағалығын қабылдады

Жыл ортасында төрағалық Чех Республикасына өтеді.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Франция жаңа жылдың бірінші күні Еуропалық одақ төрағасы қызметіне кірісті, кезекті төрағаның құзыреттілігі алты айға созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«1 қаңтардан бастап 30 маусымға дейін созылатын төрағалығымыздың мақсатына келер болсақ, өз шекарасы аумағында қызмет ететін Еуропадан толығымен тәуелсіз, өз тағдырына өзі басшылық ететін мықты Еуропаға айналу», - деді Франция президенті Эммануэль Макрон. 

Франция президентінің ойынша, аталған егемендікке Шенген аумағының реформасы арқылы жету керек. «Біріншіден, Шенгенді саяси басқаруды бекіту керек. Екіншіден, шекарадағы дағдарыс жағдайында жедел қолдау көрсету тетіктерін ойластыру керек», - деді ол.

Эммануэль Макрон коронавирус пандемиясы тудырған экономикалық дағдарыспен күресу бойынша әріптестерінің әрекеттерін үйлестіріп отыруы тиіс. Адамдардың жағдайын ескере отырып, оның әлеуметтік шараларға баса назар аударғысы келеді. Наурыз айында дамудың жаңа моделін талқылау үшін қосымша саммит өтпек. Макрон ЕО-ға мүше барлық елдер үшін бірдей төменгі жалақы мөлшерін енгізуге тырысатын болады. Сонымен қатар ол жоғары технологиялық, денсаулық сақтау, қорғаныс салаларын нығайтуды және қоршаған ортаны белсенді қорғауды қолдайды. Париж басқа елдер астаналарын жаһандық климатты құтқаруға ынталандырады. Бірінші болып көмірқышқыл газының шығарындыларына салық салу мәселесі талқыланбақ.

Президенттік мерзімі аяқталу алдында тұрған Макрон неміс канцлерінің қолдауын алуға ниетті. 

Робер Шуман Қорында қызмет ететін Еуропа тарихшысы Эрик Моррис бұл бағдарламаның алты айдан көп уақыт алатынын атап өтті. 

«ЕО Кеңесіндегі төрағалық қызмет оның президенттік мерзімінің соңына келіп отыр. Бұл – алдағы жылдарға идеялар қалдырып, саяси бағытты жаңарту мен Еуропаны пандемиядан кейін өзгеруге берілген мүмкіндік. Германиядағы жаңа үкімет кезінде Еуропа жаңаша даму бағытын алады», - деді ол. ЕО Кеңесінің жұмысына Франциядағы президенттік жарыс сөзсіз әсер етеді. Наурыздың аяғы мен сәуірдің аяғына дейін француз саясаткерлері ішкі саясатқа көбірек көңіл бөлетін болады. Алайда Париж дипломаттарының Брюссельдегі қызметі бұрынғы қарқынмен жалғаспақ. Сонымен қатар француз қоғамының назары ел ішіндегі жағдайларға қарай ауысады. 

Осы жылдың ортасында төрағалық Чех Республикасына өтеді.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары