Саясат 02.01.2022 сағат 12:29

«Тым жеңіл жаза»: қоғам белсенділері Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етуде

Біз Аяжан Еділованы өлтірушіні өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етеміз!
«Тым жеңіл жаза»: қоғам белсенділері Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етуде
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскер Рахманберді Төребековті өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап еткен петицияға қол жинау басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 жастағы Аяжан Еділованың ісіне қатысты үкім шығарып, сотталушы Рахманберді Төребековті кінәлі деп танып, 25 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Петиция мәтінінде қазақстандықтар 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тым жеңіл және әділетсіз деп санайтынын жеткізген.

"Біз Қазақстан азаматтары 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тым жеңіл және әділетсіз деп санаймыз! Сотталған адам болашақта жаза мерзімінің жартысын өтегеннен кейін, яғни 13 жылдан кейін босатылуы мүмкін! ҚР ҚК 99-бабы өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді!

Біз Аяжан Еділованы өлтірушіні өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етеміз! Сот әділ және әділ болуы керек! Прокуратура жауап беріп, наразылық білдіріңіз! БАҚ үн қатыңыздар!", - делінген петицияда.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар