Әкімдік Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Ақтау және Жаңаөзен қалаларында көлік иелері сұйытылған газ бағасының көтерілуіне келіспейтіндіктерін білдірген акциялар тіркелді. Жергілікті атқарушы орган өкілдері жиналғандармен түсіндірме әңгіме жүргізіп, газ бағасын түсіндірді. Нарық сұраныс пен ұсыныс арқылы реттеледі» делінген әкімдік хабарламасында.
Құқық қорғау органдары өкілдері ҚР «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру туралы» заңы бойынша олардың әрекетін заңсыз деп түсіндіргені хабарланды.
«Ақтау және Жаңаөзен қалаларында жиналғандармен кездесуде жергілікті атқарушы органдар өкілдері азаматтарды сындарлы диалог арқылы мәселелерді заңды жолмен шешуге шақырды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері де жиналғандарға қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігін түсіндірді. Оны бұзу тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін» деп толықтырды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.