Саясат 03.01.2022 сағат 13:48

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

Қытай Төрағасы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы қарсаңында Қытай үкіметінің, халқының және жеке өз атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және достас Қазақстан халқына шынайы құттықтауы мен ізгі тілегін жолдады.
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қытай Төрағасы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы қарсаңында Қытай үкіметінің, халқының және жеке өз атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және достас Қазақстан халқына шынайы құттықтауы мен ізгі тілегін жолдады.

– Қытай мен Қазақстан – тату көршілер және мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестер. Дипломатиялық байланыстар орнаған 30 жыл ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар нығая түсті. Өзара сенімге негізделген ынтымақтастық үздіксіз тереңдеп келеді. Сонымен қатар «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп жүзеге асыру барысында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Қытай тарапы Қазақстанның даму жолын дәйекті түрде қолдайды және алдағы уақытта зор табыстарға жетуіне, халықаралық аренада және аймақтық мәселелерде үлкен рөл атқара беруіне шын жүректен тілектестігін білдіреді, – делінген құттықтау жеделхатта.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың дамуына ерекше мән беретінін, дипломатиялық байланыстардың 30 жылдық мерейтойы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге өзара дәстүрлі достықты нығайтуға, мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастарды екі ел халықтарының игілігі үшін жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін жеткізді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар