Кейбір дереккөздерінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең елдегі қалыптасқан Төтенше жағдайға байланысты Үкіметті отставкаға жібермек.
Жаңаөзенде басталған қарсылық акциялары әлі басылмай тұр. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Мұның алдында Мемлекет басшысы халыққа үндеу жасап, халықты сабырға шақырған болатын.