Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
NewTimes.kz ақпараттық порталының жазуынша, сонымен бірге «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС басшылығы ғана емес сұйытылған газды сатумен айналысып келген Электронды сауда алаңының жетекшісіне қатысты қамауға алу туралы ордер берілген.
«Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қаржы мониторингі агенттігі тарапынан газ бағасын негізсіз көтеру фактісі бойынша «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС басшылығына және басқа да қатысы бар тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесінде сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», - делінген аталмыш ақпарат көзінде.