$ 494.87  520.65  4.91

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының сіздермен келісіп тауып, шешімін табатынына сенемін» - Асанәлі Әшімов

Әр уақта елдің тыныштығы керек. Арандатушылар көп. Соларға ермеңіздер.

Белгілі актер, халық әртісі Асанәлі Әшімов Қазақстан халқын бірлікке шақырып, үндеу тастады. 

«Қымбатты бауырлар, қандастар! Мынау болып жатқан жағдайды естіп менің жүрегім ауырып отыр. Әр уақта елдің тыныштығы керек. Арандатушылар көп. Соларға ермеңіздер. Әр уақта мен халық әртісі ретінде сіздермен біргемін. Бірақ Үкіметтің сіздерге жасап жатқан жағдайына мен қосылам. Екі жақ келісіп, бір жақсы жағдайға келейік. Біз ынтымағы жарасқан елміз. Мен әр уақыта сіздермен біргемін», - деді ардагер актер елге жолдаған бейнеүндеуде. 

Халық әртісі Үкімет халықтың талабын орындайтынына сенетінін айтады. 

«Үкімет сіздердің айтқандарыңызды орындайтынына мен сенемін. Сондықтан ешқандай арандатушыларға сенбеңіздер. Сіздерді мен жақсылыққа, тыныштыққа шақырамын. Ел тыныш болсын. Ел қобалжып кетті, әбіржіп кетті. Соны абайлаңыздар, елдің тыныштығын сақтаңыздар. Мен Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының сіздермен келісіп тауып, шешімін табатынына сенемін. Сондықтан сабыр сақтаңыздар, ақылға келіңіздер. Тыныштық болсын әр уақта. Соған мен сіздерді шақырамын», - деді Асанәлі Әшімов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары