Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда Парламентке Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы туралы ұсынысын енгізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы ҰҚШҰ сессиясында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар Қазақстандағы жағдай тұрақталуы үшін бар күшін салып, жұмыс істеп жатқанын айтты.
"Ертең (11 қаңтарда - еск.) Парламентке үкіметтің жаңа құрамы туралы ұсыныс енгіземін және әлеуметтік-экономикалық саладағы өткір мәселелерді шешу туралы нақты тапсырмалар беремін", - деді Президент.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.