ҰҚШҰ сарбаздары Қазақстаннан екі күннен кейін елдеріне қайтарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Президент Тоқаев Мәжіліс отырысында айтты.
"Тұтастай алғанда, жіті фаза контртеррористік операция өткізілді. Барлық өңірдегі жағдай тұрақты. Осыған байланысты ҰҚШҰ-ның негізгі миссиясы сәтті аяқталды деп мәлімдеймін. Екі күннен кейін ҰҚШҰ сарбаздары елдеріне қайтарылады. Контингентті шығару процесі он күннен аспайды", - деді Президент.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.