$ 494.87  520.65  4.91

Жалақы өседі, экономика дамиды: Жаңа Премьер-министр халыққа қандай уәде берді

Ол Президенттің Үкіметке берген тапсырмаларының бәрі уақытылы орындалатынына уәде берді.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Бірнеше минут бұрын Қазақстан Республикасының жаңа Премьер-министрі болған Әлихан Смайлов Президент пен Парламент алдында қысқаша сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол Президенттің Үкіметке берген тапсырмаларының бәрі уақытылы орындалатынына уәде берді.

«Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, халықтың тұрмысын жақсарту бойынша тапсырмаларыңыз Үкімет үшін басты міндет болады», - деді Смайлов.

Ол тиімді макроэкономикалық саясатты іске асырып, жаһандық өзгерістердің әсеріне ұшыраған инфляцияны төмендету басты міндет болатынын айтты.

«Экономикалық өсуді орта мерзімді уақытта 5% деңгейіне жеткізу үшін тиісті жұмыстар атқарылады», - деді жаңа Премьер-министр.

Сондай-ақ Смайлов «Үкімет жұмысының басты мақсаты – халықтың әл ауқатын арттыру, сондықтан, мемлекет бюджеті тиісті шараларға жұмсалады», - деді.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары