$ 494.87  520.65  4.91

Әлихан Смайылов Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаров Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қазақстанда тұрақтылықтың тезірек қалпына келуіне және елдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерінің табысты шешілуіне тілектестігін білдірді. 

Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді. 

«Қазақстан Үкіметі бауырлас Қырғыз Республикасымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады», - деді Ә. Смайылов. 

Екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары