$ 494.87  520.65  4.91

«Көмектеспек түгілі, жағдай сұраспайды» - Мөлдір Әуелбекова

Әнші ұлының әкесі туралы айтты

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова сәтсіз аяқталған некелері туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі ұлы мен қызының әкелерімен қарым-қатынасы қандай екенін ашық айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында сұрақ-жауап ашып, жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты.

«Қыздар, жалпы ажырасу деген дұрыс емес! Менің жағдайымда басқа амалым болмады. Сіздің жағдайда амал болса, отбасын сақтаңыз. Басымнан өткенді дұшпаныма да тілемеймін. Тілмен сөйлеу оңай. Басыңызға түссе, түсінерсіз. Алла жар болсын», – деді әнші.

Сонымен қатар, өнер иесі бүгінде бұрынғы жолдастарымен балалары қандай арақатынаста екенін жеткізді.

«Қызымен көрісіп тұрады, әрі көмектеседі», - деді ол қызының әкесі туралы. Ал, ұлының әкесі баласымен көріспек түгіл, тіпті жағдай да сұраспайды екен. Айтуынша, бұрынғы жолдасы баласымен жылына бір рет көреседі екен. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары